СҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жүргізуші ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 12:38 Фото: Zakon.kz
Есіл ауданы Покровка ауылының тұрғыны Priora автокөлігінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді.

Көп ұзамай оның телефонына жол ережесін бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті: шамамен сағат 05:00-де оның атына тіркелген көлік Покровка көпірінде жылдамдықты асырған, бұл "Мегакам.Қорғау" аппараттық-бағдарламалық кешенінің камерасымен тіркелген.

Бейнекамерадағы жазба арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, оның жолын кесу үшін бағыт бойындағы барлық аудандық полиция бөлімшесіне жедел бағдар жолдады. Жамбыл ауданында да тосқауыл бекеттері қойылды.

Нәтижесінде жүргізуші Приишимка – Архангелка тасжолында тоқтатылды. Рөлде масаң күйідегі Покровка ауылының 32 жастағы тұрғыны болған. Ол Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобына тапсырылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл ауданы полицейлерінің кәсіби іс-әрекеттері нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды: мас жүргізуші тек өзі ғана зардап шекпей, қала сыртындағы тасжолда өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: