СҚО ауылында синтетикалық есірткі таратқан күдікті құрықталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 13:10 Фото: pexels
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында полицейлер 28 жастағы жергілікті тұрғынның бір ауыл аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқанын анықтады.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында күдікті 1 грамм спайс сатпақ болған кезінде, қылмыс үстінде ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыл тұрғынына 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сонымен қатар заңсыз қару сақтау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналуда: күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.

Полицейлердің айтуынша, 1 грамм спайс құрамындағы белсенді зат мөлшеріне қарай әртүрлі дозаға бөлінуі мүмкін. Синтетикалық каннабиноидтардың әсері алдын ала болжанбайды, тіпті микродозаның өзі адам ағзасына ауыр салдар әкелуі ықтимал.

Көлеміне қарамастан, кез келген есірткі түрінің заңсыз айналымымен күрес – азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы полиция жұмысының басты бағыттарының бірі.

Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 43 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның 4 келіден астамы синтетикалық есірткі түрі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: