БҚО-да сот шешімін елемеген сотталған қайта қамауға алынды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 14:48 Фото: pexels
Қоғамда "қылмыстың өтеуі – жаза" деген қағида кеңінен танылған. Дегенмен, жаза – тек қоғамнан оқшаулау емес, ол әрбір құқық бұзушыға әділ заңмен белгіленген шектеу арқылы түзелуге берілетін мүмкіндік.

Алайда бұл мүмкіндікті бағаламай, қайтадан қателікке бой алдырғандар да кездеседі. 2025 жылғы 14 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматқа қатысты ашық сот отырысы өтті.

Сот отырысына есепте тұрған өзге де сотталғандар қатысты. Бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп, кейін шартты түрде бостандыққа шыққан бұл азамат, өкінішке қарай, сот белгілеген міндеттерді өрескел бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Осыған байланысты пробация қызметі оның жазасын қайтадан бас бостандығынан айыру түріне ауыстыру туралы ұсыныс енгізді.

Сот бұл ұсынысты қанағаттандырып, сотталған тұлға түзету мекемесіне қайта жіберілді. Аталған іс-шара тәрбиелік әрі профилактикалық сипатқа ие. Ол пробация бақылауындағы өзге де азаматтарға ескерту іспеттес болып, әрбірінің санасына терең ой салып, қателікке қайта бой алдырмауға үндейді.

Мақсат – қоғамда тәртіпті сақтау, жазадан сабақ алып, түзелуге ұмтылатындарды қолдау және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу. Мұндай шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: