Павлодарда ер адам әйелдің бетіне ауыр жарақат салды
Сурет: pexels
Павлодарда ер адам әйелдің бетіне ауыр жарақат салды. Күдікті анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Павлодар көшелерінің бірінде ер адамның әйелдің бетіне пышақпен ауыр жарақат салғаны туралы ақпарат тарады.
Хабарламада күдіктінің әлі де бостандықта жүргені, ал әйелдің беті қатты зақымданып, тігіс салынғаны жазылған.
Павлодар облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.
"Белгілі болғандай, 20 шілде күні Малайсары батыр көшесіндегі аулада ер адам таныс әйелдің бетін жарақаттаған. Күдікті анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады департамент.
Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып жатыр. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript