Алматы полициясы түнгі клубтарды жаппай тексеріп, заңбұзушылықтарды анықтады
Сурет: polisia.kz
Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына рейд жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірлесіп, қаладағы бірқатар түнгі ойын-сауық орнына профилактикалық іс-шаралар өткізді.
"Тексеру барысында 190-нан астам адам, сондай-ақ осындай орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет ұйымдарының қызметі қаралды. Іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің тарапынан олардың қатысуына жол берілу деректері тіркелді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзу және ұсақ бұзақылық деректері анықталып, олар бойынша әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы М.Пшанның айтуынша, түнгі ойын-сауық орындарының қызметін бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.
Барлық ойын-сауық орнынан азаматтардан келіп түскен шағымдар негізінде тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар тіркеліп, материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript