Алматыда марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің атына көше берілуі мүмкін

Алматыда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің атына көше берілуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 19:22 Сурет: Zakon.kz
Алматы билігі қаладағы 156 атаусыз көшеге атау беру туралы ұсыныс жасады. Бұл бастама әкімдіктен шығып, қалалық мәслихаттың қарауына жолданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Krisha.kz мәліметінше, мегаполистің жеті аудандағы көшелерге атау беріледі. Ұсынылған атаулар ішінде мәдениет, ғылым және тарих саласының көрнекті тұлғаларының есімдері бар. Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы бір көшеге 2018 жылы қаза тапқан белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің аты берілуі мүмкін.

Сондай-ақ ұсынылған атаулардың ішінде:

  • Хо Ши Мин көшесі – вьетнамдық революционер және көшбасшы,
  • Наталья Сац көшесі – әлемдегі алғашқы балалар музыкалық театрының негізін қалаушы,
  • Әбдуәли Қайдаров көшесі – қазақстандық түркітанушы, тіл маманы.

Бұған қоса, бірқатар көшелерге қазақтың поэтикалық мәні бар атаулары берілуі ұсынылған. Олар:

  • Мұнара, Сарқырама, Құлын, Абыз, Сұңқар, Құдірет.

Барлық ұсыныс қоғамдық тыңдаулар мен мәслихат депутаттарының талқылауынан кейін, сессияда түбегейлі шешім қабылданады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы автокөлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлермен арпалыс кезінде көп мөлшерде қан жоғалтып қайтыс болды. Ол кезде спортшы 25 жаста еді.

2019 жылы 14 қаңтарда Нұралы Қиясов өз кінәсін мойындады.

2019 жылы 17 қаңтарда сот үкімі шықты:

  • Нұралы Қиясов – 18 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Арман Құдайбергенов – 18 жылға;
  • Жанар Төлебаева – 4 жылға сотталды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: