Алматыдағы инклюзив білім беру орталығы жабыла ма
Сурет: pexels
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 22 шілдеде таратылған "Ұлттық арнайы инклюзивті білім беру ғылыми-практикалық орталығы жабылады" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы орталықты жабу туралы ешқандай шешім қабылданбағанын және ондай жоспар да жоқ екенін атап өтті.
"Алматыдағы орталық өз қызметін қолданыстағы жарғыға сәйкес толық көлемде жалғастыруда. Сонымен қатар, еліміздің арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде орталықтың үйлестірушілік, ғылыми және әдістемелік функциялары күшейтіліп жатыр. Кезең-кезеңімен жаңғырту аясында орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту және ғимаратты күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары жүргізілетінін атап өтеміз", - деді ол.
Оның айтуынша, барлық өзгеріс мамандарға, ата-аналарға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасауды жақсартуға ғана бағытталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript