Прокуратура 55 ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың құқықтарын қалпына келтірді

Школьные принадлежности, канцелярские товары, канцтовары, школа, учебники, ученики, школьники , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 11:47 Фото: Zakon.kz
Бейнеу ауданы прокуратурасымен "Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ (бұдан әрі – Түзету кабинеті) қызметінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша білім алу құқығын шектейтін заң бұзушылықтар анықталды.

Түзету кабинеті психофизикалық дамуы бұзылған туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

2023-2024 оқу жылында көру қабілеті төмен, маманның сүйемелдеуіне мұқтаж 12 балаға тифлопедагогтың көмегі қамтамасыз етілмегені анықталды.

Мысалы, бір балаға педагог-дефектологтың, логопедтің, психологтың, емдік дене шынықтыру нұсқаушысының және массажистің көмегі ұсынылған. Алайда баланың жағдайына бақылау жүргізілмеген, мамандардың көмегі көрсетілмеген, жеке даму бағдарламасы, сабақ жоспары мен кестесі әзірленбеген.

Қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің көрсетілмеуі салдарынан барлығы 55 мүгедектігі бар балалардың құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша түзету кабинеті директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, ал оның орынбасары тәртіптік жаза қолданылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 55 мүгедектігі бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: