Тараз қаласындағы 147 мектеп мұғалімдерінің конституциялық құқықтары қорғалды

Школьный учитель, учитель, педагог, школьный преподаватель, школа, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 16:16 Фото: freepik
Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау прокуратура органдарының жіті назарында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Алайда, прокуратура жүргізген талдауымен Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне мерекелік, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбеуі мен ұжымдық шарт бұзылуымен байланысты Еңбек кодексі талаптарының бұзылғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мұғалімдерге жоғарыда аталған ақылары төленіп, бұл олардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: