Елімізде шомылу маусымы басталғалы 75 адам суға кеткен
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бір шақырымға созылған жағажайда әр 100 метр сайын диспетчер, 22 құтқарушы жұмыс істейді. Сондай-ақ жағажайда күндіз-түні судағы қауіпсіздікті толық бақылайтын бейнекамералар орнатылған, деп жазады qazaqstan.tv.
Мамандар жағалауды таңғы тоғыздан қас қарайғанға дейін бақылап жүреді. Күн ысып, жағажайға келушілер артқаннан күніне 2-5 жас аралығындағы 50-ге жуық бүлдіршін жоғалып жатыр. Көп ата-ана баласын жағалауда қараусыз қалдырады, дейді құтқарушылар.
Қапшағай маңында 140-тан астам демалыс орны бар. Оның сегізі – қалалық жағажай. Тек соның біреуіне демалыс күндері 15-20 мыңдай адам барады.
Ал жаз басталғалы құтқарушылар суға батқан 40-тан аса адамды алып шыққан. Айтуларынша, оның жетеуі ауыр халде болыпты. Сондықтан мамандар шомылу кезінде барынша сақтық шараларын ұстануға шақырады.