Оңай жолмен табыс тапқысы келген ақмолалық 6 млн теңге қарызға батты
Сурет: pexels
Ақмола облысының тұрғыны жеңіл жолмен ақша тапқысы келіп, алаяқтардың құрбанына айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 2025 жылғы 22 шілдеде жергілікті тұрғыннан полицияға арыз түскен.
Әйелдің айтуынша, ол инвестиция арқылы табыс тапқысы келген, бірақ салдарынан 6 миллион теңге көлемінде қарызға батқан.
"Бұған дейін әлеуметтік желіден бейнеролик көріп отырып, әйел "жеңіл табыс" туралы жарнамаға көзі түсіп, байланыс нөмірін қалдырған. Кейін оған өзін инвестициялық компания қызметкері ретінде таныстырған ер адам қоңырау шалған. Ол әйелді Industrial-Trading онлайн платформасында тіркелуге үгіттеген. Жәбірленуші өз деректерін енгізіп, банк карталарын байлап, бірнеше несие рәсімдеген. Несиеден түскен ақшаны алаяқтың нұсқауымен түрлі жеке кәсіпкерлердің шоттарына аударған. Ақырында ер адам байланысқа шықпай қойған, ал әйел ірі көлемде несие қарызымен қалған", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция ескерту жасады:
- Интернеттегі “жеңіл табыс” уәделеріне сенбеңіздер;
- Бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді, логиндер мен құпиясөздерді, банк карта мәліметтерін бермеңіздер;
- Басқа біреудің айтуымен несие рәсімдеп, ақша аудармаңыздар;
- Қаражат аудармас бұрын инвестициялық платформаны мұқият тексеріп, мамандармен кеңесіңіздер.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript