Оңай ақшаға құныққан 22 жасар қазақстандық сотты болды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 10:18 Фото: pixabay
Рудный қаласында жеңіл жолмен ақша тапқысы келіп, Sim-Box құрылғысын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстық схемаға қатысқан Қостанай облысының 22 жастағы тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 10 тамызда "Город" ақпарат агенттігі жазды. Сотта анықталғандай, жас жігіт Telegram арқылы анонимді адамдардың нұсқауын орындаған.

Олардың нұсқауы бойынша жігіт ноутбук, роутер, SIM-карталар және арнайы Sim-Box құрылғысын сатып алған. Жабдықты баптағаннан кейін айыпталушы кураторларға жүйеге қашықтан қосылуға мүмкіндік берген.

"Бұл құрылғы абоненттік нөмірлердің сәйкестендіру деректерін өзгертуге мүмкіндік береді және оны қылмыскерлер телефон арқылы алаяқтық жасау және басқа да заңсыз әрекеттер үшін жиі пайдаланады", – делінген басылым мәліметінде.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгілене отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Бұған дейін Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: