ІІМ алкогольді тек арнайы дүкендерде сатуға рұқсат беруді ұсынып отыр

ІІМ алкогольді тек арнайы дүкендерде сатуға рұқсат беруді ұсынып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 19:08 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрлігі алкоголь өнімдерін сату рұқсаттарын беру тәртібін қатайту қажет деп санайды. Министрліктің бұл ұсынысы Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ішімдік айналымы саласында 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Кәсіпкерлерге 370 миллион теңге айыппұл салынған, 2 252 кәсіпкердің лицензиясы қайтарылып алынған.

"Алайда кейбіреулер лицензияны үшінші тұлғалар арқылы қайта рәсімдеп, түнгі уақытта ішімдік сату үшін бар түріндегі нысандар ашып, заңды айналып өтіп жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

ІІМ басшысы Ержан Сәденовтің айтуынша, ел аумағында қоғамдық орындарда алкоголь ішу бойынша 107 мың дерек тіркелген, 11 мың адамға ішімдік ішуге тыйым салынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: