Жетісу облысында дәрігерлер өрттен емізулі сәбиі бар отбасыны құтқарып қалды

Жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 19:30 Сурет: primeminister.kz
Жетісу облысында жедел жәрдем бригадасы жол бойында өртеніп жатқан үйді байқап қалып, тұрғындарды құтқаруға асықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ескелді ауданындағы №6/6 жедел жәрдем бригадасы шақыртудан қайтып келе жатып, Текелі бағытына апаратын жолда отқа оранған үйді көрген.

"Фельдшерлер Ғабит Ерғажи, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков дереу әрекет етті: көлікті тоқтатып, сирена мен жарық сигналын қосты. Үй жабық болған, ішінде тіршілік белгісі байқалмады. Алайда бригада кері бұрылмады, терезе мен есікті тоқтаусыз қаққан. Ақыры ұйықтап жатқан тұрғындарды оятып, бәрін сыртқа шығаруға көмектесті", - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, үй ішінде бес ересек пен екі бала, соның ішінде бір емізулі сәби болған.

Тұрғындар құжаттарын алып үлгеріп, отқа оранған үйден аман-есен шығып үлгерген. Бірнеше минуттан кейін үй толықтай жанып кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: