Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында полиция қызметкері өрттен бір отбасын құтқарып қалды

Абай облысында полиция қызметкері өрттен бір отбасын құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 22:53 Сурет: polisia.kz
Бородулиха ауданында полицейдің жедел әрекеттерінің арқасында өрттен тұрғындар аман қалды. Тәртіп сақшысы түтінді байқап, отбасын шұғыл эвакуациялау үшін жедел шаралар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 қазанда сағат 01:15 шамасында табиғатты қорғау полициясының инспекторы Ерасыл Сыдықов кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатып, Крупская көшесінде түтінді байқап қалады. Ол бірден көлігін тоқтатып, оқиға орнына бет алады.

Анықталғандай, Бородулиха ауылы Крупская көшесі 137 мекенжайындағы жеке үйдің шатыры жанып жатқан еді. Ерасыл Сыдыков тез арада №12 өрт сөндіру бөлімшесінің диспетчерлік қызметіне хабарласып, өрттің нақты мекенжайын жеткізді.

Өрт сөндірушілер келгенше уақытты босқа өткізбей, ол әрекет ете бастады. Полицей үй иелерін ояту үшін терезелер мен есіктерді қағып, іште адамдардың бар-жоғын анықтауға тырысты, алайда ешкім жауап бермеді. Оқиғаның қауіптілігін түсініп, тәртіп сақшысы терезені сындырып, үйге кірді. Ол барлығын оятып, отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы дер кезінде жетіп, өртті сөндірді. Өрттен аман қалған үй иелері полицейге шексіз алғыстарын білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: