Науқас әйел шұғыл түрде тікұшақпен Өскемендегі ауруханаға жеткізілді
Сурет: видео скрині
"Қазәуеқұтқару" ұшқыштары дәрігерлермен бірлесіп, Ақжар ауылынан 43 жастағы әйелді шұғыл түрде Өскемендегі ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімет бойынша, пилоттар Дулат Ахметов пен Азамат Қабден МИ-8 тікұшағымен санавиация дәрігерлерінің сүйемелдеуімен науқасты дер кезінде тасымалдады.
"Әйелге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, ҚР ТЖМ-нің тікұшағы жұмылдырылды. Мұндай рейстер жоғары кәсіби дайындықты, тәжірибені талап етеді. Экипаж бен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті, пациент медицина мекемесіне жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.
"Қазәуеқұтқару" мамандары мұндай жағдайларда азаматтарға жедел әрі сапалы көмек көрсету – олардың басты миссиясы екенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript