Қазақстандықтар қандай маңызды шешім қабылдау үшін 25.07.25 күнін таңдады

Развод, брак, расторжение брака, бракоразводный процесс, алименты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 12:36 Фото: pixabay
2025 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша некеге тұруға/ажырасуға берілген өтініштердің саны белгілі болды. Бұл қызықты статистиканы Zakon.kz сайтына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, 25.07.25 символикалық күні Қазақстанда неке тіркеуге 1465 жұп өтініш білдіргені белгілі.

Мәселен, отбасын құруға ниет білдірген өтініштердің ең көп саны Алматы қаласының АХАТ бөлімдеріне түскен – 257 өтініш.

Астанаға келсек, онда 225 жұп осындай шешімге келген.

Үздік үштікті 144 өтінішпен Қарағанды облысы аяқтады.

Сондай-ақ, 218 адам некелерін бұзып, жаңа тарау бастауға шешім қабылдады.

"Осылайша, еліміздің АХАТ органдарына некені бұзу туралы 109 өтініш түсті", – деп атап өтті мамандар.

Жақында Үндістанның Шиллай ауылында екі ағайынды ежелгі дәстүр бойынша бір қызбен заңды некеге отырғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: