Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 16:22 Фото: Zakon.kz
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Түрксіб ауданында жоспарлы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс аясында ұзындығы 4,1 шақырым болатын 1965 жылы пайдалануға берілген жылу құбырлары ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 28 шілде сағат 06:00-ге дейін Лавренев көшесінің бойымен Наманган көшесінен Майлин көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Қозғалыс екі бағытта да шектеледі.

Шектеулер жолдың астынан өтетін құбыр желісін қауіпсіз түрде ауыстыру мақсатында енгізіліп отыр. Жаңарту жұмыстары кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Бұл жылу желісі 42 көпқабатты тұрғын үйді, бір балабақшаны, бір емхананы және 4 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Бұл шаралар жылу желілерінің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетеді.


"Айта кетейік, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: