Азық-түлік бағасы: Шымкентте 200-ден астам кәсіпкер жазаланды

Шымкентте 200-ден астам кәсіпкер жоғары баға үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 14:12 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жүргізілген мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, олардың ішінде 15 сатушы ет бағасын негізсіз көтерген.

"Айта кету керек, сиыр еті (жауырын-төс бөлігі) әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тізіміне кіреді және оның бағасы тұрақты бақылауда", - деді қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы.

Басқарма басшысы Талғат Мекамбаевтың айтуынша, Шымкентте шамамен 60 әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, қалада апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, онда сиыр еті 3200-3300 теңге аралығында тұрақты бағамен сатылады.

Ал таза ет бағасы реттелетін тауарлар тізіміне кірмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: