Полиция "Қайрат" пен KuPS ойынына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Полиция "Қайрат" пен KuPS ойынына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 18:52 Сурет: polisia.kz
"Қайрат" – KuPS матчы кезінде қоғамдық тәртіпті 1,5 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" (Алматы) және KuPS (Финляндия) командалары арасындағы матч барысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 1,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.


"Бұл матчқа көптеген жанкүйер жиналады деп күтілуде, осыған байланысты полицияның кешенді күштері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылады", - деп хабарлады полиция.

Арнайы көлік құралдарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету және көлік кептелістеріне жол бермеу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтпаев көшелерімен шектелген аумақта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Полиция тұрғындарды бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: