Тоқаев пен Ердоған әуежайдан Анкараға бір көлікке отырып аттанды

Тоқаев пен Ердоған әуежайдан Анкараға бір көлікке отырып аттанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 23:50 Сурет: БОРТ N1 Telegram-каналы
Қазақстан мен Түркия президенттері "Есенбоға" әуежайынан Анкараға бір көлікке отырып аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы БОРТ N1 Telegram-каналы хабарлады.

Сурет: БОРТ N1 Telegram-каналы

Ал Анкара көшелері Қазақстан Президентінің сапарына орай безендірілген.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. 

Тоқаев пен Ердоған әуежайда аз-кем әңгімелесті.

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: