Синоптиктер Қазақстанның бір қаласының тұрғындарына тағы да ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 09:56 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Атырау тұрғындарына кезекті рет ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың мәліметінше, бүгін қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.

"2025 жылдың 29 шілдесінде Атырауда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген сейсенбіде "Қазгидромет" сайтында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, бір күн бұрын, 28 шілдеде атыраулықтарға да ҚМЖ туралы ескерту жасалған болатын.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 29 шілдесінде Қазақстанда қолайсыз ауа райы болады – найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауады, 36 градус ыстық болады деп хабарлаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: