Алматыда көшелердің бірі аллеяға айналып, көлік қозғалысы үшін жабылады

Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, панорама Алматы , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 11:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда 2025 жылдың 31 шілдесі, бейсенбіден бастап жаяу жүргіншілер аллеясын жасау үшін Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесі бойында аумақты қайта жаңғырту жобасының басталғаны жөнінде хабарлайды.

2025 жылы 31 шілдеден бастап құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Пушкин көшесінің шығыс жағындағы (Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін бұл бөлік жаяу жүргіншілерге арналған аллеяға айналып, көлік қозғалысы үшін біржола жабылады.

Құрылыс уақытында көлік қозғалысы Пушкин көшесінің батыс жағында оңтүстік бағытта біржақты тәртіпте ұйымдастырылады.

Аталған шектеу шаралары Алматы қаласы Полиция департаменті мен Қалалық мобилділік басқармасымен келісілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: