Полиция қызметкерлері түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтады

Павлодар облысында 27 шілдеден бастап кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 14:16 Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысында 27 шілдеден бастап кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр.

Екі күн ішінде полицейлер тарапынан 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталып, заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүрген 107 жасөспірім мен алкогольдік ішімдік ішкен 7 жас анықталды.

Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыс аясында полиция есебінде тұрған 61 кәмелетке толмағанды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың өмір сүру жағдайларымен танысты. Сонымен қатар ата-аналармен балаларды тәрбиелеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында ата-ана міндеттерін тиісінше орындамай жүрген 9 жасөспірім мен 11 ата-ана анықталып, арнайы есепке қойылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүру фактілері де тіркелді.

Мәселен, 2009 жылы туған жасөспірім заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз Малайсары батыр көшесінде орналасқан ойын-сауық мекемесінде болған. Ал Сәтпаев көшесіндегі аулалардың бірінде полицейлер мас күйде жүрген жасөспірімді анықтады.

Сондай-ақ облыс орталығындағы орталық жағалауда сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз жүрген 9 жасөспірімнің әрекеті тіркеліп, ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға мұндай жағдайларға жол бермеу керектігі туралы ескерту жасалды.

"Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуын болдырмау, олардың өміріне төнетін қауіп-қатердің алдын алу және жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге ұрынуының немесе олардың құрбанына айналу қаупін барынша азайту", — деп атап өтті полиция департаменті.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: