Президент: "Жол – тіршілік көзі, жол бар жерде қайнаған өмір бар"

Бүгін, 2025 жылғы 1 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жолдардың сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға жеке тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 12:48 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 1 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жолдардың сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға жеке тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2024 жылы 7 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілді.Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолдары жаңартылды. Сондай-ақ ол жергілікті жолдардың жөнделіп жатқанын айтты.

"Сонымен қатар, басқа да ірі жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы көптен күткен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір ашылды. Бұл екі облыс пен жеті ауданды, Қытай мен Ресейді байланыстыратын Қазақстандағы ең ұзын көпір". Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкімет ұлттық жүк тасымалдаушы әуе компаниясын құру туралы жоспарын мәлімдеді. Жалпы, еліміздегі азаматтық авиация мен әуе арқылы жүк тасымалын дамыту мәселесі тек көлік қызметі ретінде қарастырылмайды. Оның ауқымы одан әлдеқайда кең. Бұл – еліміздің экономикалық өсіміне, халықаралық аренадағы орнына және егемендігіне тікелей әсер ететін стратегиялық вектор, – деді Президент.

Президент сондай-ақ Шақпақ-Баба асуындағы еліміздегі алғашқы тоннель пайдалануға берілгенін еске салды.

Шақпақ баба асуында еліміздегі ең алғашқы туннель іске қосылды. Шын мәнінде, "Жол – тіршілік көзі, жол бар жерде қайнаған өмір бар" деп бекер айтылмаған. Осы нысандардың игілігін ең алдымен халық көреді. Сапалы жол азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Жалпы, Қазақстанда көлік-транзит саласы қарқынды дамуда. Бұл – өздеріңіз сияқты азаматтардың қажырлы еңбегінің жемісі. Қазір осы салада 770 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздер адал қызмет етіп, елімізді көркейтуге мол үлес қосып жүрсіздер. Мен бүгін барлық көлік саласы қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз бір ел болып заң мен тәртіпке бағынатын Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін өте маңызды жұмыс, оны міндетті түрде орындауымыз керек. Көлік саласы мамандары өз міндеттерін мінсіз атқарып, мемлекеттік маңызы бар іске белсенді түрде атсалысып келеді. Алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет етесіздер деп сенемін. "Еңбек еткен елден ырыс кетпейді" дейді халқымыз. Еңбекқорлық пен кәсібилік – өркениетті қоғамға тән қасиеттер. Еңбек адамы ең жоғары марапатқа лайықты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: