Алматыда Chrysler көлігімен ағашқа соғылған қыз ауруханаға жеткізілді

Алматыда Chrysler көлігімен ағашқа соғылған бойжеткен ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 12:40 Сурет: instagram/kris.p.live
2025 жылғы 1 тамыз күні кешке Алматының Түрксіб ауданында жол апаты болып, жүргізуші қыз зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 жастағы жүргізуші Daimler Chrysler көлігін басқара алмай қалған.

"Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, ол әуелі ағашқа, содан кейін көше жарығының бағанасына соғылған. Қызға медициналық көмек қажет болды. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Апаттың мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: