Шымкентте 10 күн бұрын жоғалған әйел өлі күйінде табылды

Шымкентте 10 күн бұрын жоғалған әйел өлі күйінде табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 22:46 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте қоқыс контейнерінің жанынан 26 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz хабарлауынша, 2 тамызда жарияланған ақпаратқа сәйкес, бойжеткен 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. 10 күннен кейін оның мәйіті табылған. Денесінде пышақ жарақаттары анықталған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деді Шымкент полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.

Полиция жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, бұл іс бойынша жан-жақты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: