Астанада жасөспірімдер автобустың артына мінгесіп алған
Сурет: Telegram/astana_newss
Астанада автобустың артына жармасқан жасөспірімдер жұрттың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің талқысына түсті. Оқиға Республика даңғылында болған.
Кадрларда жасөспірімдердің автобустың артқы жағына жармасып, ал автобус жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқанын көруге болады.
Астана полиция департаменті Zakon.kz-ке берген мәліметінде бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір балалардың кім екені анықталып жатыр.
"Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп мәлімдеді ведомство.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript