Тоқаев Көктөбеде алматылықтармен кездесті – видео
Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Көктөбеде алматылықтармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 3 тамыз күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Алматының басты көрікті орындарының бірі – Көктөбеде демалып жүрген алматылықтармен және қала қонақтарымен кездесті", - делінген хабарламада.
Жарияланған видеода президенттің қала тұрғындарымен сөйлесіп, суретке түскенін көруге болады.
2025 жылғы 3 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыда БҰҰ-ның Өңірлік орталығының ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript