Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 12:23 Фото: pexels
Жамбыл облысында полицейлер республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Сэм атты қызметтік иттің көмегімен 3 келіден астам кептірілген марихуананы сақтау дерегін анықтады.

Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны.

Ер адамды полиция қызметкерлері Аса – Тараз автожолында Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезінде тоқтатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орнынан есірткі салынған түйіншектерді алып кеткен. Есірткі заты көлік ішінен табылды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: