Түркістанда балалар ойын алаңын тас-талқан етті

Түркістанда балалар ойын алаңын тас-талқан етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 18:03 Сурет: Zakon.kz
Түркістан полиция басқармасына Отырар шағын ауданында бірнеше кәмелетке толмағандар балалар ойын алаңын бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел шешім қабылдап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көшеде ойнап жүріп, ойын алаңындағы құрылғыларға едәуір зиян келтірген үш жасөспірім анықталды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасаған 6 сынып оқушыларының ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға мұндай әрекеттерге жол бермеу және қоғамдық орындарға құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндірді.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілікті арттыруға, абаттандыру ережелерін сақтауға, ойын алаңдары мен орындықтарды бұзбауға, қоқыстарды тастамауға және қаламызды таза ұстауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: