Ұлытау облысында полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі
Сурет: ҚР ІІМ
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы Сәтбаев қаласының ұсталды.
Ұстау барысында және кейіннен тінту кезінде кондиционер қорабынан құрамында ұнтақ тәрізді және өсімдік тектес заттары бар үш түйіншек табылды.
Бұдан басқа, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер құрамында ұнтақ тәрізді заттар бар тағы бес түйіншек, сондай-ақ бес электронды таразы, орау материалдары және оқшаулағыш таспаны тәркіледі, бұл оның одан әрі сатуға дайындалғанын көрсетеді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 700 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты, бұл аса ірі партияға жатады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара таңдалды.