Тамыз айында Қазақстанның 12 өңіріне құрғақшылық қаупі төніп тұр

"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Жаздың соңғы айында еліміздің бірден 12 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 14:25 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Жаздың соңғы айында еліміздің бірден 12 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 тамызда гидрометеорологиялық орталықтың сайтында жарияланған болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде жаз соңында құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары.

Атап айтқанда, тамыз айында мына облыстарда құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысында – Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында;
  • Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Қостанай облысында – Амангелді және Жангелдин аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай ауданында;
  • Абай облысында – Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысында – Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • Қызылорда облысында – Арал, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
  • Атырау облысында – Махамбет, Исатай, Дамбы және Қызылқоға аудандарында;

Сонымен қатар, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының көп бөлігінде құрғақшылық күтіледі.

Орташа ылғалды жағдайлар болжануда:

  • Қостанай облысында – Ұзынкөл, Меңдіқара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – Жамбыл, Тайынша, Тимирязев аудандарында, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев және Шал ақын аудандарында.

"Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады", – деп қорытындылады "Қазгидромет" РМК мамандары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: