Қазақстандағы электронды ақша нарығында не болып жатыр – шолу

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 16:41 Фото: freepik
Қазақстандағы электронды ақша нарығы әркелкі динамиканы көрсетті. Электронды ақшаның айналымдағы көлемі артқанына қарамастан, операциялар саны мен электронды әмияндардың жалпы саны азайды. Толығырақ – Zakon.kz материалында.

2025 жылғы сәуір мен шілде аралығында электронды ақша шығару операцияларының саны 1,41 миллионнан 1,55 миллионға дейін ұлғайды, ал олардың көлемі 3,5%-ға өсіп, 219,6 млрд теңгені құрады (1 сәуірдегі дерек бойынша – 212,3 млрд теңге). Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің статистикасында көрсетілген.

Сонымен қатар, айналымдағы электронды ақшаның көлемі екі есеге жуық өсті – 14,6 млрд теңгеден 27 млрд теңгеге дейін.

Айта кетерлігі, қарастырылып отырған кезеңде электронды әмияндар саны айтарлықтай қысқарды: сәуір айының басында 61,7 миллион болса, шілде айының басында 40,6 миллионға дейін төмендеді.

Сонымен қатар, нарық инфрақұрылымы салыстырмалы түрде тұрақты қалды. Мәселен, электронды ақша эмитенттерінің агенттері 141-ден 145-ке дейін артты, ал субагенттер саны 9 876-дан 9 887-ге дейін өсті.

Электронды ақшамен жасалатын операциялар

Электронды ақшамен жасалатын операциялар санына келер болсақ, сәуір мен шілде аралығында жеке тұлғаларға қатысты операциялар 10,1%-ға қысқарып, 4 699,9 мыңға дейін азайды. Ал жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты операциялар 3,4%-ға төмендеп, 56 224 мыңға дейін қысқарды.

Осындай үрдіс операциялардың көлемінде де байқалады – жалпы көлем шамамен 4%-ға азайып, 334,3 млрд теңгеден 321,2 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Ұлттық банк мәліметтері бойынша, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған электронды ақшамен жасалған операциялар көлемі 2024 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 21,8%-ға өсті, ал жеке тұлғаларға қатысты өсім 20%-ды құрады.

2025 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін жеке тұлғаларға арналған операциялар аздап өсті — 72,9 млрд теңгеден 73,4 млрд теңгеге дейін немесе 0,7%, ал бизнеске арналған операциялар көлемі 5,2%-ға қысқарды, 261,3 млрд теңгеден 247,7 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Қосымша ретінде, Ұлттық банк деректері бойынша 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 44 электронды ақша жүйесі тіркелген. Электронды ақшаны бірнеше банк пен "Қазпошта" АҚ шығарады. Сонымен бірге, осындай жүйелердің операторлары арасында ірі қазақстандық банктер де бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: