Астанада қос аяғынан айырылған қыздың ісі: жүргізушіге рақымшылық жасалды

Астанада қос аяғынан айырылған қыздың ісі: жүргізушіге рақымшылық жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 18:10 Сурет: Zakon.kz
Астанада болған жол апатынан кейін қыз бала аяғынан айырылған еді. Осы оқиғаға кінәлі автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзып, адам денсаулығына зиян келтірген автобус жүргізушісінің кінәсі қылмыстық іс материалдары мен сараптама қорытындылары арқылы дәлелденген.

"Рақымшылық туралы" заң негізінде күдіктіден қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш келіп түсті. Осыған байланысты қылмыстық іс рақымшылық актісі аясында тоқтатылды, - делінген Астана полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен бірге ведомство қылмыстық іс тоқтатылғанымен, адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға болып қала беретінін атап өтті.

Бұдан бөлек, Астана әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылыққа және өзге де заңбұзушылықтарға жол берген себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жолданған.

Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты 2025 жылғы 2 маусым күні кешке Астанада болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар отырған маршруттық автобустың жүргізушісі маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай, ақпараттық табло тіреуіне соғылған.

Жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті, ал полиция қылмыстық іс қозғады.

3 маусым күні зардап шеккен науқастардың бірі – жас қыздың аяқтары ампутацияланғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: