Алматыда автобус зейнеткер әйелді қағып өлтірді

Алматыда автобус зейнеткер әйелді қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 18:46 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 7 тамыз күні жолаушылар автобусы зейнеткер әйелді қағып өлтірді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Алматы полиция депаратаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.

Оқиға шамамен сағат 10:00-де Айнабұлақ ықшамауданындағы Мақатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, Yutong маркалы автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"1967 жылы туған жаяу жүргінші әйел жолды оңтүстік бағытта кесіп өтпек болған. Ауыр жарақаттардан ол оқиға орнында қайтыс болды", - деп нақтылады полиция.

Аталған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: