Алматыда егде жастағы әйелді жолаушылар автобусы қағып, мерт қылды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Жангелдин-Әшімбаев көшелерінің қиылысында 11 сәуірде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, 1948 жылғы егде әйел Жангелдин көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан.
Осы сәтте оны 117-ші жолаушылар автобусы қағып кетті. Ауыр жарақаттары салдарынан зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті.
Сұрастыру кезінде автобус жүргізушісі егде жастағы әйелдің "зебрадан" өтпегенін мәлімдеді.
Алайда, жедел басқару орталығы тіркеген видеода, жағдай керісінше болып шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



