ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2025 12:41 Сурет: gov.kz
Өрт қаупі жоғары маусымға байланысты ТЖМ қызметкерлері орман-дала алқаптарында рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство жаз мезгіліндегі өртке от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңке, отты абайсыз пайдалану, рұқсатсыз шөп пен қоқыс өртеу, сондай-ақ балалардың отпен ойнауы себеп болатынын еске салды.

"Өрт қаупі бар кезең басталғалы бері республикада 414 орман, 24 дала және 1 742 құрғақ шөп өрті тіркелді. Өрттің алдын алу мақсатында орман-дала алқаптары мен халық демалатын орындарда 11 515 рейд өткізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 3 978 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді министрлік.

ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады: от жақпауға, қоқыс пен құрғақ шөп өртемеуге кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: