ТЖМ табиғат аясында демалуды жоспарлап отырған ел азаматтарына ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі демалыс маусымы алдында ел азаматтарын орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, табиғи өрттердің негізгі себептері халықтың отты қараусыз қалдыруы және найзағай болып табылады.
"Демалыс кезіндегі салғырттығыңыздың салдарынан табиғат аясында өрт алуы мүмкін. Сондықтан мұндай қателікке бой алдырып жүрмеңіз", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Орман және дала алқаптарында мынаған тыйым салынады:
- тұтанған сіріңкені немесе темекі тұқылын сөндірмей лақтыруға;
Аса қауіпті:
- от жағу;
- қоқыс пен құрғақ шөпті өртеу;
- шыны заттарды (бөтелке), майланған немесе жанғыш заттармен сіңірілген материалдарды табиғат аясында қалдыру.
Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Есіңізде болсын, өрт өте қауіпті! Табиғаттың тағдыры сіздің қолыңызда!.
Бұған дейін ТЖМ саяжай және бау-бақша учаскелері иелеріне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript