ТЖМ қазақстандықтарға жаз мезгіліндегі басты екі қауіп туралы ескерту жасады
Фото: unsplash
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жазғы демалыс кезінде судағы қауіпсіздік пен өрттің алдын алу ережелерін қатаң сақтауға үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдындарында болады.
Осыған байланысты ведомство әрбір азаматты судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
ТЖМ су айдындарында мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
- балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және ересектердің бақылауынсыз суға түсірмеу;
- шомылуға тыйым салынған немесе арнайы жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ "Шомылуға болмайды", "Сүңгуге болмайды", "Қауіпті! Иірім" белгілері қойылған жерлерде суға түспеу;
- алкогольдік ішімдік ішкен күйде шомылмау;
- қалқымалы белгілерден (буйлардан) асып жүзбеу;
- қайықтар мен өзге де шағын жүзу құралдарына жақындамау;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгімеу;
- жүзуге арналмаған заттарды пайдаланып суға шықпау;
- қайықтан, катерден, пирстен, жартастан және суға секіруге арналмаған басқа да нысандардан суға секірмеу.
"Осы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі", – деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сонымен қатар, өрт қаупі жоғары кезеңде министрлік орман және дала алқаптарында от көздеріне ерекше сақтықпен қарауға шақырды.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
- орман мен ашық аумақтарда от жақпау;
- жанған сіріңке мен толық сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау;
- табиғат аясында шыны ыдыстарды қалдырмау, өйткені күн сәулесі шыны арқылы шоғырланып, құрғақ шөптің тұтануына себеп болуы мүмкін;
- өрт байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript