Таразда көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде төрт адам құтқарылды

Таразда көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде төрт адам құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2025 22:20 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен адамдар құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараздағы Айтиева көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті толық сөндірді.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Түтін басқан пәтерлерден 4 адам, оның ішінде бір мүгедектігі бар адам құтқарылды. Зардап шеккендерді "Апаттар медицинасы орталығы" бригадасы қарап, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 25 тұрғын өз бетімен үйден шығып үлгерген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: