Алматыда зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Гүл шоғын қою рәсімі, Алматы, Абай күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2025 14:06 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бүгін, 10 тамызда Алматыда қазақтың бас ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай алаңындағы іс-шара мерекелік бағдарламаның басты оқиғасына айналып, оған 5000-нан астам қатысушы жиналды.

Салтанатты жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, шығармашылық және мәдени ұйымдар мен жастар қатысты. Қатысушылар ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Монумент түбіне жүздеген раушан гүлдері қойылды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтары "Желсіз түнде жарық ай" және "Көзімнің қарасы" атты Абайдың аңызға айналған шығармаларын "Отырар сазы" оркестрінің, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер хорының сүйемелдеуімен орындады.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Айта кетейік, Алматыда Абайдың мерейтойына орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады: театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ,спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар қаланың барлық ауданында өтеді.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Кейін Абай алаңында белгілі өнерпаздардың қатысуымен "Алаштың Абайы" атты үлкен музыкалық-драмалық концерт өтті.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Абайдың мерейтойына орай Алматыда 100-ден астам — театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер және жастармен кездесулер іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ, спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар өтеді. Іс-шаралар қала бойынша ұйымдастырылып, жастарды ұлттық мәдениетке баулу мен Абайдың рухани мұрасын терең түсінуге бағытталған.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға өз құттықтауын жолдағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: