Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған: ҚР азаматын Астанаға ҰҚК жеткізді

ҰҚК баспасөз қызметі ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 11:08 Сурет: Zakon.kz
Халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысы бар деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 11 тамызда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылғы 10 тамызда халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті Қазақстан азаматы ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына жеткізілді. Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын. ҰҚК баспасөз қызметі

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: