ҰҚК террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті қазақстандықты Түркиядан экстрадициялады
Фото: pexels
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ү.ж. 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған.
"Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: gov.kz
ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Ақтау тұрғынын тонап кеткен ер адам Мәскеуде тұтқындалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript