Алматыда базарларда жасалған ұрлықтардың беті ашылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 11:28 Фото: Zakon.kz
Алатау ауданының полицейлері қала тұрғындарының жеке мүлкін ұрлады деген күдікпен үш әйелді ұстады.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер бірнеше күн ішінде ірі сауда орындарының аумағында және халық көп жиналатын жерлерде азаматтардың аңғалдығын пайдаланып, ұрлық жасаған.

Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталды. Сонымен қатар басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Біз заң мен тәртіпті қатаң сақтаймыз. Заң бұзған әрбір адам – жынысына, жасына немесе мәртебесіне қарамастан – анықталып, ұсталып, жауапқа тартылады. Бұл оқиға бойынша қолымызда жеткілікті дәлел бар, және кінәлілердің жазасын қамтамасыз етеміз", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: