Құмар ойын бизнесін реттеу комитетіне жаңа функциялар берілді

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, карты, ставки, онлайн ставки, онлайн-ставки, лудомания, игромания, азартная зависимость, онлайн ставки, онлайн-ставки, ставка, тотализатор, букмекеры, букмекерская контора, букмекерская фирма, игорный оператор, ставки на спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 13:39 Фото: unsplash
2025 жылғы 30 шілдеде Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Лотерея және құмар ойын бизнесін реттеу комитеті" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістерге сәйкес, комитетке келесі жаңа функциялар жүктелді:

  • цифрлық трансформацияны жүргізу;
  • құмар ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі салаларында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау.

Сонымен қатар, комитет төрағасына қосымша өкілеттіктер берілді:

  • министрлікпен келісу арқылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын заңнамаға сәйкес тағайындайды;
  • цифрлық трансформацияны ұйымдастырады және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Комитеттің қарамағында "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" ЖШС бар екені белгіленді.

Бұйрық 2025 жылғы 30 шілдеден бастап күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: