Жаңалықтар тізбегі
0

Ойын бизнесін реттеу комитетінің қызметі қандай: ережелер бекітілді

Госслужба, планшеты, детали, заседание, совещание, зал заседаний, государственная служба, госслужащие , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 13:46 Фото: senate.parlam.kz
Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрығымен "ҚР Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті" мемлекеттік мекемесі ойын бизнесі, Лотерея және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын ҚР Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің мақсаттары: 

  • ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы реттеу, іске асыру, бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ ведомство құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу. 

Комитеттің функциялары:

  • Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде петицияны қарауға қатысу;
  • өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
  • мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысанын әзірлеу;
  • ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысанын әзірлеу;
  • ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
  • кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  • лотерея операторын айқындау қағидаларын әзірлеу;
  • лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты есепке алудың және берудің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
  • бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
  • құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіптері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін әзірлеу;
  • ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың жұмысының, мөлшерлемелер мен өткізілетін құмар ойындарды қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
  • құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
  • казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыру үшін аумақтардың шекараларын айқындау жөніндегі жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын қарау және оларды келісу бойынша Министрлікке тиісті ұсыныстар енгізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;
  • ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, лотерея операторының Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
  • ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру, оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жолдау;
  • лотерея өткізу шарттарын келісу не келісуден бас тарту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың ойын бизнесі саласында интернет-казино белгілерінің, сондай-ақ заңсыз жарнаманың болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының аумағында қызметі заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізу және оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
  • тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассалардың тізілімін жүргізу;
  • Комитет реттейтін салалардағы мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
  • «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
  • ойын бизнесі саласындағы лицензиаттардың электрондық тізілімін жүргізу;
  • құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізімін жүргізу;
  • ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу және төлемақы мөлшерлемелерінің дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ алымның толықтығы, бюджетке төлемдердің уақтылы төленуі және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығына жауап беру;
  • салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салық органдарына қызметпен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ойын бизнесі саласындағы салық салу объектілері туралы мәліметтерді беру;
  • Комитет реттейтін салаларда халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Комитет Төрағасы жүзеге асырады.

Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.

Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: