Ұлытау тұрғынынан 100 келіден астам марихуана тәркіленді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 15:17 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлытауда "Қарасора-2025" іс-шарасы барысында 100 келіден астам марихуана мен қару-жарақ тәркіленді.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында Жезқазған қаласына жақын орналасқан Кеңгір кентіндегі жеке тұрғын үйдің гаражына тінту жасалды. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері алты қап және бір түйіншекке салынған құрғақ марихуананы тауып, тәркіледі.

Сараптама нәтижесінде оның жалпы салмағы 103 келі екені анықталды. Сонымен қатар гараждан "Вепрь" ойық ұңғылы аңшы мылтығы, оған арналған 32 патрон және электронды таразы табылды. Үй ауласынан бір түп қарасора өсімдігі тәркіленді. Тергеу барысында барлық тәркіленген заттардың 37 жастағы Сәтпаев қаласының тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: