Алматылық студенттер жатақхана мәселесі бойынша қайда хабарласа алады

Алматылық студенттер жатақхана мәселесі бойынша қайда хабарласа алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 19:30 Сурет: akorda.kz
Алматыда студенттерге жатақхана мәселесі бойынша жедел байланыс орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда студенттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету үшін арнайы Ахуалдық орталық қызмет көрсетіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Министрдің мәліметінше, орталық студенттерге жоғары оқу орындары жанындағы жатақханалардағы бос орындар туралы жедел ақпарат береді. Мұнда кез келген студент хабарласып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.

Ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлері:

  • +7 700 255 14 43;
  • +7 700 950 95 28;
  • +7 727 237 01 70.

Бұл бастама Алматыдағы жаңа оқу жылы қарсаңында жатақхана тапшылығын азайтып, студенттердің жайлы тұруына жағдай жасауға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: