Енді Қазақстанда есірткіге тәуелділікпен мемлекеттік деңгейде күрес жүргізіледі

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 09:02 Фото: polisia.kz
Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрыққа Олжас Бектенов қол қойды. Сондай-ақ, оған Премьер-министр басшылық етеді, басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалды.

Штабтың негізгі міндеті болып мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру жұмыстары айқындалды.

Штаб құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшылары енді.

Премьер-министрдің өкімімен сондай-ақ облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген.

Еске салсақ, 13 тамызда Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: